RU

Дәріхананы қызметтік көлігімен тас талқан еткен полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте жеңіл көліктің соңына түсеміз деп дәріхана ғимаратын қиратқан полиция қызметкерлерінің үстінен  қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Тексеру барысында анықтағандай, 1989 ж.т. азаматтың басқаруындағы «Мазда 626» маркалы автокөлігі жол ережесін бұзған. Соны байқаған полиция қызметкері «Тойота Королла» қызметтік автокөлігімен тоқтатпақ болған. Алайда, жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі полиция қызметкерінің талаптарына бағынбай, тоқтамай қашқан.

"Осы жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345 «Жол көлік оқиғасы орын алу» бабы бойынша тіркелді. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 2 автокөлік жүргізушілері мен 2 жолаушы дене жарақатымен ауруханаға түскен. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде."-дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Тағы оқыңыздар: Лас-Вегастағы қанды қырғын кезінде iPhone әйелдің өмірін сақтап қалған (фото)

Еке сала кетейік, Шымкентте полиция қызметкерлері қуған жеңіл көлік пен тәртіп сақшылары жол апатына түсті. Көліктің соңына түсіп келе жатқан полицейлер жылдамдықты қатты асырса керек, тәртіпке бағынбаған жүргізуші көлігінің артына соғып, кейін дәріхана ғимаратын қиратып жіберген. Жол апаты салдарынан полицейдің және көлік жүргізушісінің қол-аяғы сынған. Ал, бір жолаушы бас ми жарақатымен нейрохирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1639033-darikhanany-qyzmettik-koligimen-tas-t.html