RU

ОҚО-да анасы мас болып, белгісіз жерге қалдырған жеті айлық сәби табылды

Анасы мас болып, белгісіз жерде қалған сәби Шымкенттегі саяжайлардың бірінен табылды деп хабарлайды Отырар басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сәбидің қазіргі жағдайы жақсы, өміріне төнген қауіп жоқ. Бірақ оның анасы аналық құқығынан айырылуы мүмкін. Қаратау ауданының бөлімше полицейі Қайнар бұлақ саяжай қонысындағы үйлердің бірінен сәбиді тауып алған. Сәби әйелге қайта берілді, алайда полиция қызметкерлері анасының тиісті тәрбие бере алмауына қатысты, оны ата-аналар құқығынан айыру туралы құжаттар дайындауда.

Тағы оқыңыздар: Дәріхананы қызметтік көлігімен тас талқан еткен полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Еске салсақ, 1985 жылы туған шымкенттік тұрғын ішімдік ішкен күйі полиция бөлімшесіне 5-ші қазан күні келіп, өзінің 14.02.2017 жылы туылған жеті айлық сәбиін қайда қалдырғанын білмейтінін айтып, көмек сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1639071-oqo-da-anasy-mas-bolyp-belgisiz-zherge-q.html