RU

Зауытын ашып, кәсібін дөңгелетіп отырған бұрынғы лауазымды қызметкер кім?

Ақтөбеде ішімдік өнімдерін шығаратын «Кристалл» зауытын тұрғызған кәсіпкер Амангелді Майтеков өзін бұрынғы мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Мен өзім кезінде үкіметтің жұмысын істеп, кейін кəсіпке көшкен адаммын. Облыста ауылшаруашылық саласында басшылық қызмет атқардым. Балаларым «Папа, бізге көмектес» дегеннен кейін 1996 жылдан кəсіпкерліктің ішіне кіріп кеттім. Біз отбасылық арақ жəне спирт зауытын аштық. Мекемеде 400 адам бар. Барлығы уақытында айлығын алып отыр. Мəселен, менің мойнымда 100 адам тұр, бəрі зейнеткерлер. Барлық мерекелерде қолдау көрсетемін», - дейді Амангелді Майтеков.

Кәсіпкер тұтынушыларының күн санап артып бара жатқанын айтып қуанды.

Тағы оқыңыздар: Дәріхананы қызметтік көлігімен тас талқан еткен полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Қазынаға жылына екі млрд теңге салық төлейміз. Биыл бұл қаржы 2,5 млрд теңгені құрап отыр. Біз берілген тапсырманың барлығын орындаймыз. Бізде ішімдіктің 12-13 түрі шығарылады. Зауыт жылына 1 920 000 литр алкогольді ішімдік өнімін өндіреді. Ішімдік өнімдеріне сұраныс қазір бұрыңғыдан да жоғары. Әзірге тауарларымызды Америка, Түркия елдеріне жіберіп отырмыз. Жұмыс жаман емес, сұраныс бар. Ауылшаруашылық саласына да өнім беріп отырмыз. Біз шығарған жемді қазір Иран алады. Айына алты вагон жіберіп тұрмыз. Ол жақпен байланыс жасағанымызға 3-4 жыл болды», - дейді кәсіпкер.

20 жылдан бері ішімдік бизнесімен айналысып келе жатқан кәсіпкер ақтөбеліктерге «Жұбановтар әлемі» атындағы өнер ордасын салып берді.

«Мен зауытты салған, балам ақша тапқан адам. Зауыттың иесі балам. Мен Ақтөбедегі арақ өнімдерін шығарып жатқан екі зауытқа бақылау жасап отырмын. 41 разъезде бір ауланың ішіне салынған екі зауытымыз бар», - дейді Майтеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1639157-zauytyn-ashyp-kasibin-donhgeletip-otyr.html