RU

Мөлдір Әуелбекова: Мен құрған топ фонограммасыз ән айтатын болады

Мөлдір Әуелбекова продюсерлікпен айналысып, қыздардан құралған жаңа топ құрайын деп жатыр.  Әншінің айтуынша, өзі басшылық ететін құрамның өзге әншілерден ерекшелігі - фонограммасыз ән айтулары дейді 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сұхбат берген әнші.

"Ең әуелі айырмашылығы - біздің қыздар бастысы ән айтады. Қазір фонограммаға жүгінетін топтар өте көп, оның несін жасырамыз?! Баяндағы мен үйренген мектеп, өте мықты мектеп. Баянда былай болды, "мен де былай болсын" деп талап қоймаймын.  Менің мектебім өзге мектеп. Қазір заман өзгерді, біздің кез басқаша болды, біздің топта жүргендегі ән орындауымызда басқаша болған".- деді Мөлдір.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртас әлемге танымал брендтен сатып алған киімімен мақтанды (фото)

Сыртқы сұлулыққа емес, табиғи дарын мен талантқа мән беремін деген Әуелбекова жаңа құрылған топтың атуаы да, әні де қазақы нақышта болатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1639310-moldir-auelbekova-men-qurghan-top-fono.html