RU

Танысына қонаққа барған азамат оны өз үйінде өлтіріп, етінен ас әзірлеп жеген

Созымалы шизофрения ауруына шалдыққан Татарстан азаматы танысын өлтіріп, жеп қойған. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"5 қазан күні түнде Новое Ильдеряков ауылындағы Ақсубаев ауданынан мойны, іші кесілген, зорлық белгілері бар 53 жастағы ер адамның денесі табылды. Осы оқиғаға қатысты күдікті ретінде шизофрения ауруына шалдыққан 40 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол қылмысқа қатысы барын мойындап отыр ", - дейді аудандық тергеу комитетіндегілер.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті қаза болған азаматтың үйіне қонаққа барған. Бір сәтте ол үй қожайынын жегісі келіп, өлтіруді көздейді. Арам ойын жүзеге асырмақшы болған күдікті ер адамды бірінші қолымен кейін орындықпен ұрған.

Тағы оқыңыздар: Демалмай жұмыс істей берген тележүргізуші тіл тартпай кетті

"Жәбірленушіні өлтіргеннен кейін оның дене бөлшектерінен ас әзірлеген. Ойындағасын жүзеге асырған соң полицияға хабар беріп, болған оқиға жайлы өзі айтып берді", - деп атап өтті ведомство.

Қазір аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тегреу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1639323-tatarstanda-er-adam-tanysyn-oltirip-zh.html