RU

Қазақстаннан шыққан автобус Ресейде пойызбен соқтығысып, 17 адам қаза тапты (фото, видео)

Ресейде Қазақстаннан шыққан автобус пойызбен соқтығысты. Владимирский облысында болған жол апатынан 17 адам қаза болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, автобус темір жол өткелінде пойызға соқтығысқан.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші пойыздың алдын кесіп өтпек болып, үлгермей қалған. Нақтыланған ақпарат бойынша, көлік өткелде от алмай қалған. Ал Петербургтен Нижний Новгородқа бет алған пойыз оны жайпап өткен. Қаза болғандардың арасында бір бала бар. Тағы екі жарақат алған баланы дәрігерлер қарап жатыр", - деп жазады Mash.

РИА Новостидің соңғы мәліметтері бойынша, қазақстандық автобуста қаза болған 17 адамның бәрі де Өзбекстан азаматтары. Бұл туралы облыстың губернаторының баспасөз хатшысы Рита Шляхова мәлімдеді.

"Бүгін түнде Өзбекстан азаматтарын тасыған қазақстандық автобус темір жол өткелінде от алмай қалды. Автобустағы адамдар ұйықтап жатқан. Жүргізуші айқайлап жіберді. 34 адам автобусты итеру үшін сыртқа шыққан. Олар тірі қалды. Ал автобус ішінде қалғандар тіл тартпай кетті. Автобустың сау тамтығы қалмаған", - дейді Шляхова.

Видео: telegram-Mash арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1639332-qazaqstannan-shyqqan-avtobus-reseyde.html