RU

Демалмай жұмыс істей берген тележүргізуші тіл тартпай кетті

Жапонияда NHK телеарнасының жүргізушісі Мива Садо тым көп жұмыс істей берудің салдарынан көз жұмды. Бұл туралы NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

2013 жылы 31 жастағы Садо 159 сағат артығынан жұмыс істеп, айына тек екі күн демалған болатын. Оның жұмыс күні шамамен 12 сағатты құраған. Үш күннен кейін өз пәтерінде өлі күйінде табылған әйелдің не себепті қаза болғанын жұмыс орны жасырып қалған.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде құтырған ит қапқан ер адам тіл тартпай кетті

Алайда кейін телеарна Садоның тым көп жұмыс істегеннен жүрек талмасына ұшырағанын мойындап, бертін келе ғана бұл шындықты жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1639421-demalmay-zhumys-istey-bergen-telezhurg.html