RU

Ақтөбеде екі жасар баласын құтырған иттен құтқарамын деген азамат мерт болды

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының тұрғынын құтырған ит қауып алған. Дәрігерлер дер кезінде екпе салғанмен, ер адамды құтқарып қала алмады деп хабарлайды Керек инфо.

Оқиға биыл тамыз айында болған. Ақтөбе облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкері Мұрат Муафиховтың айтуынша, ит әуелі екі жастағы сәбиді тістеп алған. Әкесі оны құтқармақ болған көрінеді.

Тағы оқыңыздар: Қазақстаннан шыққан автобус Ресейде пойызбен соқтығысып, 17 адам қаза тапты (фото, видео)

"Зардап шеккендер сол күні-ақ дәрігерге қаралып, тиісті ем-домын алған. Бірақ емделуші азамат қауіпсіздік талаптарын ескермеген. Сақтық шараларын орындамай, 400 градустан артық ыстықта құрылыс жұмыстарын жүргізген. Мұның соңы қайғылы оқиғамен аяқталды", - дейді маман.

Бүгінде баланың жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында. Мамандардың айтуынша, құтырма орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру.

Дер кезінде дәрігерге қаралмаса, арты 100 пайыз адам өлімімен аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1639422-aqtobede-qutyrghan-qapqan-er-adam-ti.html