RU

Қорқынышты жол апатына түскен қазақстандық автобус 13 аймақтың нөмірімен болған

Қазақстан СІМ-і еліміздің автобусы мен Ресей пойызының соқтығысуына қатысты түсініктеме берді. Жол апатынан 15 адам қаза болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы мекеменің баспасөз қызметі басшысы Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап хабарлайды.

СІМ ақпаратына сәйкес, жол апатына түскен автобус Оңтүстік Қазақстан облысына, яғни 13 аймаққа тиесілі екен.

Тағы оқыңыздар: Ерке Есмахан тыңдармандарына мұңын шақты

"Владимирский облысының ТЖМ ақпаратына сәйкес, 13 аймақтың UDA668 нөмірлі Mercedes қоғамдық көлігі аталмыш облыста ірі жол апатына түскен. Жол апатынан 15 адам қаза болды. Тағы бесі емханаға жеткізілген. Автобуста барлығы 55 адам болды. Бүгінде Ресейдегі қазақстандық дипломаттар қаза болғандар мен зардап шеккендердің есімдерін анықтауда", - деп жазды Әнуар Жайнақов Facebook парақшасында.

Еске салсақ, Ресейде қазақстандық автобус пойызбен соқтығысып, Өзбекстан азаматтары қаза болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1639439-qorqynyshty-zhol-apatyna-tusken-qazaqs.html