RU

Ұйықтап жатқан күйеуінен таяқ жей беретін әйел онымен ажырасып кетпек

Тайваньда тұратын 60 жастағы Ву ұйықтап жатып, әйелін соққыға жығуды шығарған. Әйелі ер адамның қасында жатудан қорқып қалыпты. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Вудың әйелі күйеуінен түн ортасында кезекті соққысын алғаннан кейін жанжал шығарған. Ол ажырасатынын айтып, шулағаннан кейін күйеуі дәрігерлерге қаралады.

Тағы оқыңыздар: СІМ: Ресейдегі автобус пен пойыздың соқтығысуынан Қазақстан азаматы көз жұмды

Белгілі болғандай, Вудың миы ол ұйықтап жатқанда қимылдарын бақылауда ұстамайды екен. Салдарынан белсенді қимылдар жасайтын азамат, тіпті ұйықтап жатып қасындағы адамды ұрып тастауы мүмкін екен.

Вудың өзі бұдан еш қиналмаса да, қасында бірге жататын әйелі әбден мезі болған. Дәрігерлер Вудың ұйықтаған сәтіндегі белсенді қимылдарын бейнекамераға түсіріпті. Енді ол дәрілердің арқасында оңалып кетеді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1639507-uyyqtap-zhatqan-kuyeuinen-tayaq-zhey-ber.html