RU

Сауд Арабиясында алғаш рет көлік жүргізген әйел апатқа ұшырап, қаза тапты (фото)

Сауд Арабиясында алғаш рет көлік тізгінін ұстаған әйел адам жол апатынан қаза болды деп жазады islam.kz.

Естеріңізде болса, жуырда Сауд Арабиясында корольдің жарлығымен әйелдердің көлік жүргізуіне алғаш рет рұқсат берілген еді.

Осы аз уақыттың ішінде көлік тізгінін ұстаған әйел адамдардан тұңғыш рет көлік апатына ұшырап, қаза болған адам бар.

Тағы оқыңыздар: Ұйықтап жатқан күйеуінен таяқ жей беретін әйел онымен ажырасып кетпек (видео)

Көлік апатынан тұңғыш қаза тапқан әйел адам Жидда қаласында автокөлік жүргізуді үйреніп жүрген. Жанында қалай жүргізу керектігін үйретіп, кеңес беріп отырған күйеуі болған екен.

Әйел көлік тізгініне ие бола алмай бетон дуалға барып соғылған. Әйел тіл қатпай кеткен, ал жолдасы жарақат алып, емханаға жөнелтілді. Автокөлік күйеуіне тиесілі екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1639562-saud-arabiyasynda-alghash-ret-kolik-zhurg.html