RU

Кәмшат Жолдыбаева "жартылай жалаңаш киінеді" деп сынағандарға жауап берді (фото, видео)

 Жалаңаш кейпімен жұрт назарына жиі ілігетін Жолдыбаева НТК арнасындағы  «Ревюньюс» арқылы желіні шулатқан жазбаларына жауап берді.

Каспийдің толқынына тербеліп, туған жерінде асыр салған сылқымды сол сәтте сынағандардың саны аз болған жоқ. Тіпті, дәл осы видеоны желіге жүктей сала, жағымсыз пікірлерді қарша боратқан фоллоуверлері әншіні біраз жерге апарып тастаған-ды. Алайда, Кәмшат бұл тектес жазбаларға бас қатырмайтынын айтты.

"Ол орынды. Ойбай пікір жағымсыз жазылып жатыр немесе жазылмай жатыр деген емес. Пікір жазылмаса ол жаман. Пікір жазылмаса саған ешқандай да қызығушылық танытылмайды, еленбейді", -деді Жолдыбаева.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде әнішінің сіңлісі де сын садағына жиі ілігеді. Батыл образдарымен оқырмандарын таң қалдырудан шаршамайтын кіші Жолдыбаева бүгінде Кәмшаттың сахналық образына өзіндік үлесін қосып жүрген көрінеді.

"Өз жолымен тым жақсы келе жатқан қасымдағы сіңлім. Маған көмектесетін тұсы ол ақылдасу, кеңесу. Образдарымды, стилімді... сол жағынан талғамы жоғары. Былайша айтқанда, халықтың алдына шыққан образдарымның барлығы сол Алтынаймен ақылдасып жасалатын дүниелер",-  дейді әнші.

Тағы оқыңыздар: Ерке Есмахан: Адамдардың өсек айтып, аяқтан шалатыны шаршатты

"Кешью" құрамында жүріп тек продюсердің қадағалауымен сахнаға шыққан Кәмшат жеке шығармашылыққа бет бұрғанда ашық образдарsмен ел назарын бірден аударды.

"Жаңашылдық, ерекшелік бұл әрқашан да сынға алынады. Егерде сен бұрын-соңды болып жатқан іс-әрекеттеріңді қайталап жүре берсең, ол ешқашан еленбейді, сынға алынбайды. Ал, егер де сен жаңалық ашамын, ерекше боламын десең, онда ол міндетті түрде сынға ілігеді. Өзімнің сүйікті ісіммен айналысамын. Біріншіден өзімді таң қалдыруға тырысамын", - деп жауап берді әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1639645-kamshat-zholdybaeva-zhartylay-zhalanhash-k.html