RU

Астанада автобустан түсе сала асфальтқа басымен құлаған бойжеткен жылап қалды (видео)

Астанада автобустан құлап кеткен бойжеткен асфальтқа басын соғып алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Болған жайт туралы Facebook парақшасында оқиға куәгері Дина Кулаева жазды.

«Бүгін жұмысқа бара жатып оқыс жағдайдың куәсі болдым. Автобус бойжеткеннің шығып кеткенін күтпей жатып, орнынан қозғалып кетті.

Салдарынан қыз бірнеше рет автобустан аударылып түсіп, асфальтқа басымен ұрылды. Егер мен жедел жәрдем шақырмағанда, автобус сол беті кетіп қалар еді. Жедел жәрдемді 10 минут күттік, ал полиция сол беті жоқ", - деп жазған Кулаева.

Тағы оқыңыздар: Ресейдегі ең бай адамның зәулім үйі жалпақ жұртқа көрсетілді (видео)

Видеода құлаған бойжеткеннің айқайлап жылап жатқаны байқалады. Оны жүргізуші сабырға шақыруға тырысуда.

"Жолаушы жедел жәрдем көмегінен бас тартты. Сонымен қатар жүргізушіге еш шағымы жоқтығы туралы қолхат жазып кетті. Себебі, болған жайтқа өзі кінәлі екенін мойындап отыр", - дейді Astana LRT баспасөз хатшысы Асқар Атагулин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1639785-astanada-avtobustan-asfaltqa-basym.html