RU

Жұмыстан қатты шаршап келген ата-ана жаңа туған сәбиін байқамай өлтіріп алған

Ұлыбританияда ата-анасының қасында ұйықтаған сәби шетінеп кеткен деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, Лорен Джордан баласын құшақтап жата тұрғысы келген. Жұмыстан шаршап келген жас ана сәбиі өз төсегінде ұйықтамай қойған соң оны қасына алып жатады. Ол баланы құшағына алған күйі теледидар көріп жатып, ұйықтап кеткен.

Жанында баланың әкесі де ұйықтап жатқан. Лоран оянған кезде ғана баласы шетінеп кеткенін байқайды.

Тағы оқыңыздар: Ашуға булыққан мұғалім өзіне қарсы шыққан оқушыны тістеп алған

Олар ояна сала 15 минуттай баланың есін жиғызбақ болғандарымен, ештеңе шықпаған. Содан кейін жедел жәрдем шақырады.

Лоранның айтуынша, баласы ұйықтар алдында екі бөтелке сүт ішкен. Содан кейін сәби ұйықтамай қойыпты.

Дәрігерлер баланың нақты неден қайтыс болғанын анықтай алмаған. Болжам бойынша, оның өлімі кенеттен қайтыс болу синдромынан немесе ата-анасының басып қалып, тұншығуынан болған.

«Біз баланы қасымызға алып жатамыз деп ойлаған жоқпыз. Өзіміз де байқамай ұйықтап кетіппіз. Осы оқиғадан кейін басқа ата-аналар балаларын қастарына алып жатпауы тиіс. Осы жағдай енді сабақ болар», - дейді Лоран Джордан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1639810-zhumystan-qatty-sharshap-kelgen-ata-ana-zh.html