RU

Әйелін көңілдесімен төсекте ұстап алған ер адам олардың үстіне қышқыл шашып жіберді

Дуйбайда 30 жастағы Шри-Ланка азаматы әйелі мен оның көңілдесінің үстіне қышқыл шашып жіберді. Бұл туралы NUR.KZ порталы newsru.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам әйелінің әлеуметтік желідегі парақшасынан бөтен ер адамның суретін көріп қалып, оның ізіне түседі. Ол Дубайда демалып жүрген әйеліне ескертпестен келіп алған. Нәтижесінде жан жарын өзгенің құшағынан тапқан азамат оларды өлтіруді ұйғарыпты.

Тағы оқыңыздар: Атыраулық полиция бір ай бойы іздеген өзбекстандық баланың неден өлгені белгілі болды

Ол төсекте жатқан әйелі мен оның көңілдесінің бетіне қышқыл шашып жібереді. Салдарынан 25 жастағы әйелі оқиға орнында мерт болған. Ал оның 23 жастағы көңілдесін дәрігерлер құтқаруға тырысып жатыр. Ұсталған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1639908-ayelin-konhildesimen-tosek-qatynasyn.html