RU

Белгілі саясаттанушы: Шенділер қазақ тілін менсінбеуін доғармаса, түбі жамандық болады

Белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы өз ана тілін менсінбейтін шенділерге ескерту жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған.

Расул Жұмалының пікірінше, елдегі кейбір шенеуніктер мен ықпалды азаматтар бөгде тілде сөйлегендіктен қазақ тілі қудаланып жатыр.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев экс-депутаттың ұлын Қорғаныс министрінің орынбасары етіп тағайындады

«Биыл Қазақстанның мемлекеттік тілі Қазақ тілі деп жарияланғанына 28(!) жыл толды. Алайда көргеніміз - баяғы жартас: Бөгде тілдегі министр, әкім, депутат, қоғамға қызмет, ақпарат, теледидар, мәдениет, т.б.

Бұл аралықта совет шекпенінен шыққан бар республикада мемлекеттік тіл жаңғырды, құтты орнына жайғасты, жалғыз бізде Қазақ тілі қудалануда.

Әйтпесе Қазақша қызмет сұраған азамат неге сотталады, енді бірі ондай талабы орындалмағанда неліктен аштық жариялауға бекінеді? Қазақстандай өз тілінің жанашырын қорлаған ел бар ма әлемде? Расы сол, билік үндемесе де, заман өзгерді, халықтың санасы мен намысы оянды.

Шыдамның да шегі бар. Айтпағым бір: шенділер осылайша Ата заң мен Қазақ тілін менсінбеуін доғармаса, түбі жамандық болады», - дейді саясаттанушы өз жазбасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1639998-belgili-sayasattanushy-nendiler-qazaq.html