RU

Сапарбаев 17 млн теңгеге сапасыз жол салған шенеунікті масқара қылды (видео)

Бүгін Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев су қоймаларын аралауға шықты. Сазды су қоймасына баратын жаңа жолдың сапасын көрген әкім шошып қалды. Бір шақырымдай қашықтыққа 17 миллион теңгеге жол салғызғанын мақтанышпен айтқан шенді əкімнен сөз естіді.

"Мынау жол ма? Бұл ертең-ақ шашылып қалады. Қараңдар, мынау жарамайды. Менің аяғыммен басқанның өзінде үгітіліп жатыр", - деді Бердібек Сапарбаев.

Əкім жолдың сапасын аяғымен түртіп, қолымен ұстап та көрді.

Су шаруашылығы мекемесінің директоры Бекзат Наметов болса жолдың сапасы қалыпты деп айтудан танбады. Ақтөбедегі су шаруашылығын 30 жылдан бері басқарып келе жатқан басшы жаңа жолмен машина жүргізбейтінін айтты.

Тағы оқыңыздар: Белгілі саясаттанушы: Шенділер қазақ тілін менсінбеуін доғармаса, түбі жамандық болады

"Бұл жол осылай тұрады. Машина жүрмейді, тек адам жүреді. Бұл жолдан тек жеңіл машиналарды ғана өткіземіз", - деді Ақтөбе су шаруашылығы мекемесінің директоры Бекзат Наметов.

Айта кетерлігі, сапасыз жолдың салынғанына бір апта ғана уақыт болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1640086-saparbaev-17-mln-tenhgege-sapasyz-zhol-sal.html