RU

Бензин тапшылығы еліміздің барлық аймағында өрши түсті

Астана мен Алматыда ғана емес, бензин тапшылығы еліміздің барлық аймағында ушығып тұр. Жүргізушілер бірнеше апта бойы жанармай іздеп, сабылып жүргеніне қарамастан, үкімет әлі нақты шара қабылдаған жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал бас қаладағы ұлттық оператор «ҚазМұнайГаз» бекеттері бензинді әлі тек талонмен сатып жатыр. Сондықтан астаналық көлік жүргізушілер бүгін де бензин таппай сабылып жүр.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде қамауда отырып аштық жариялаған жігіт сотта орнынан тұрудан да бас тартты (фото)

Жанармай құю бекеттері талоны жоқ темір тұлпарларды жолатпайды. Елордадағы жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің құны 150-154 теңге деп тұр. Алматыда да баға осы жобалас.

Оңтүстік астанадағы жүргізушілер де жанармай жоқ деп шулап жүр. Ал Атырау облысында жанармай тапшылығы аса байқалмағанымен, бағалары әртүрлі - 146 мен 150 теңге. Бірақ, кейбір ұсақ бекеттерде АИ-92 жоқ. Ресейлік АИ-92 көпшілігінде жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1640218-benzin-tapshylyghy-elimizdinh-barlyq-ay.html