RU

Америкада алапат дауыл жиырмадан астам адамның өмірін жалмады

АҚШ-та ойран салған «Нейт» дауылы жиырмадан астам адамның өмірін жалмады деп хабарлайды КТК арнасы.

Із-түзсіз жоғалып кеткендер бар. Би-би-си телеарнасының хабарлауынша, тропикалық дүлейдің салдарынан Коста-Рикада сегіз, Гондураста үш адам қаза тапқан.

Оның екеуі кішкентай бала. Никаргуада апаттан көз жұмғандардың саны 15 ке жетіпті. Мамандар «Нейт» демалыс күндері күшейіп, Мексика шығанағына жетеді деп отыр.

Тағы оқыңыздар: Ұшақ апатынан қаза тапқан оралдық ұшқыштың отбасына көмек көрсетілмек

Қазір АҚШ-тың бірнеше штатында адамдарды қауіпсіз аймақтарға көшіру жұмыстары жүргізілуде. Биыл Кариб теңізі бассейніндегі елдер тарихында ең көп дауыл тұрған жыл болуы мүмкін.

Қыркүйектің өзінде дауылдар саны 30 жыл бұрынғы рекордты бұзған.

Естеріңізге сала кетейік, тамыздың соңында «Харви» дауылы Техастың тас талқанын шығарды. Ал қыркүйектің басында Амеркада «Ирма» ойран салса, одан кейін «Мария» аталған дүлей Пуэрто-Рикада алдындағының бәрін жапырып өткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1640259-amerikada-alapat-dauyl-zhiyrmadan-ast.html