RU

Қостанай облысында екі баланың анасы із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Еріктілер, кәмелетке толмаған екі баланың анасы, екі апта бұрын жоғалған Виктория Курочкинаны іздеу шараларына қатысады деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Рудный ІІБ криминалды полиция бөлімінің басшысы Олжас Сүлейменовтің айтуынша, күн сайын 32 жасар Виктория Курочкинаны іздеу шараларына 140 полиция қызметкері, ТЖ, Өрт сөндіру қызметі, жергілікті білім беру бөлімінің мамандары қатысады.

Тағы оқыңыздар: Назарбаевтан арманының орындалатынын естіген балақай мәз-мейрам болып қалды (фото)

Сонымен қатар, жоғалған әйелді іздеу шараларына Рудный политехникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері, ІІМ оқу орталығы мен академиясының тыңдаушылары көмек қолын созды.

Полицейлер еріктілерді іздеу шараларын жүргізу ережелерін және іздеу бағыттарын түсіндіруге әзір екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1640319-qostanay-oblysynda-eki-balanynh-anasy-2.html