RU

Алматыда анасы көрпеге орап, тастап кеткен нәресте бөбектер үйіне өткізіледі

Алматыда осыдан екі апта бұрын табылған сәбидің анасы кім екені әлі күнге белгісіз. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Полицейлер туғанына төрт күн болған сәбиді жылы көрпеге орап тастап кеткен әйелді іздеп жатыр. Қыз бала Алатау ауданы аумағынан табылып, ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер шақалақтың денсаулығы жақсы екенін айтады. Енді оны бөбектер үйіне орналастыру үшін құжаттар рәсімделіп жатыр. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, өткен жылдан бері елімізде осыған ұқсас 44 дерек тіркелген.

Тағы оқыңыздар: Қостанай облысында екі баланың анасы із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Ал өз баласын аямаған 1 мыңға жуық адам ата-ана құқығынан айырылған.

"Келген кездегі баланың жағдайы қанағаттанарлық. Баламен бірге ішетін тамағы, күтіміне қажетті заттар болды. Дәіргерлік ем қабылдау қажет емес. Енді оны қалалық балалар үйіне өткізуге дайындап жатырмыз", - дейді Алматы қаласы балалар жұқпалы аурулар емханасының бөлім меңгерушісі Ләззат Есқалиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1640333-almatyda-tabylghan-tastandy-sabi-bobe.html