RU

ОҚО-да 10 жасар қызының дертіне ем таба алмаған ана жанұшырып жүр

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Айнагүл Елтаева көп жылдан бері өзінің қызын белгісіз сырқаттан құтқару үшін шетелден ем алу мақсатында квота алуға тырысып жүр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Он жасар Лаура Сағатова көз алдында шөгіп барады: оның сырқатын дәрігерлер нақты анықтай алмай келеді. Жергілікті дәрігерлер қойған диагноз бойынша қабылданған емнің еш нәтижесі болмаған.

Өз баласын емдету үшін әйел адам мемлекет тарапынан берілетін квотаға қол жеткізгісі келеді. Sputnik Қазақстан тілшілеріне берген сұхбаты кезінде Лаураның анасы баласының сырқатын тексеру үшін Алматыға тексеруге барғанын айтып берді.

Таяу күндері олар Астанадағы Ана мен бала орталығында жатып, тексеруден өткен. Астанада 22 қыркүйекте алынған сараптамалардың қорытындысы екі айдан соң белгілі болады.

Тағы оқыңыздар: 3 жасар немересін бауыздап өлтірген қарағандылыққа қатысты қорқынышты жайттар анықталды

Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан берілген мәліметке орай, барлық тексерулердің нәтижесі шыққан соң, сырқаттың жағдайы анықталады.

Алайда, қыз баланың анасы дәрігерлердің нақты емдеу шараларын анықтағанға дейін уақыт өтіп жатқанын айтып, қорқынышын жасырмайды.

Оның айтуынша, мәскеулік дәрігерлер баланы тексеруден өткізуге дайын, алайда бұл отбасының Мәскеу қаласына баратын қаражаты жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1640342-oqo-da-10-zhasar-qyzynynh-dertine-em-taba.html