RU

Сәннен қалғысы келмеген арулар жаппай тілін бояуға кірісті

Сән әлемінде жаңа ақылға қонымсыз тренд басталып кетті. Бетін бояуды аздық еткен нәзік жандылар енді тілін бояуды ермек етуде. Бұл туралы NUR.KZ порталы thesun.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мельбурнда тұратын визажист Хасинда Вукович адам тілін жылтырақпен бояған фотосымен бөліскені сол-ақ еді, ол сәннің соңғы үлгісіне айналып шыға келді.

Енді әлем бойынша түрлі бьюти-блоггерлер жарыса тілін бояп жатыр. Олар өз денсаулығына зиян келтірмес үшін тіліне арнайы сапалы  жылтырақтарды не болмаса жеуге болатын заттарды сеуіп жүр.

Дегенмен мұндай қауіпті сән үлгісіне еремін дейтіндер шашалып қалуы әбден мүмкін деп ескертеді мамандар.

Тағы оқыңыздар: Алматыда табылған тастанды сәби бөбектер үйіне өткізіледі

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да 10 жасар қызының дертіне ем таба алмаған ана жанұшырып жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1640366-sannen-qalghysy-kelmegen-arular-zhappa.html