RU

Пластикалық оталардан құбыжыққа айналған кейуана тұрмысқа шықпақшы (фото)

Сәтсіз пластикалық оталардан кейін "мысық-әйел" атанып кеткен 76 жастағы Джослин Вильденштейн тұрмысқа шығады. Бұл туралы NUR.KZ порталы lemurov.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрмысқа шығу туралы ұсынысты Джослиннің бұрынғы күйеуі канадалық дизайнер Ллойд Кляйн жасаған. Кейуана мысықтарды жақсы көретін бұрынғы күйеуіне ұнай түсу үшін талай ота жасатыпты. Оның пластикалық оталарға 4 млн доллар жұмсағаны белгілі болды.

Алайда сол кезде бұрынғы күйеуі әйелінің бұл қадамына қуана қоймай, нәтижесінде екеуі ажырасып тынады. 15 жыл бойы ажырасса да қарым-қатынастарын үзе алмаған қос ғашық ақыры қайта некелерін қидыратын болды.

Тағы оқыңыздар: Алматыда табылған тастанды сәби бөбектер үйіне өткізіледі

Кляйн кейуанаға ұсыныс жасау үшін қымбат жекежай жалдап, ғашығына 32-караттық гауһар тастан жасалған жүзік ұсынған. Той күні келесі жазға белгіленді.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да 10 жасар қызының дертіне ем таба алмаған ана жанұшырып жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1640392-plastikalyq-otalardan-qubyzhyqqa-ayn.html