RU

Дәулетті бизнесмен той үстінде қалыңдығының көзіне шөп салған сәтін көрсетті (фото)

Сингапурлік дәулетті бизнесмен қалыңдығының көзіне шөп салғанын біліп қойып, той кезінде одан кек алды деп жазды Ridus.ru сайтына сілтеме жасаған baq.kz.

Тойға бірнеше ай қалғанда күйеу жігіт қалыңдығының адалдығын тексеріп алуды жөн көріпті. Ол қыздың әр қадамын аңду үшін жеке детектив жалдаған. Алғашқы бір айда күдікті ештеңе байқалмайды. Қыз үйлену тойына дайындалып, құрбыларымен кездесіп жүреді. Алайда бір күні қонақ үйге өзге ер адаммен бірге кіріп кетеді.

Детектив клиентіне видеоны көрсетеді, бірақ қатты қапаланған күйеу жігіт үйлену тойынан бас тартпайды. Керісінше тойға болашақ әйелімен ойнас жасаған ер адамды да шақырады. Бизнесмен оны қалыңдықтың туыстарымен бір үстелге отырғызыпты.

Тағы оқыңыздар: Алматыда табылған тастанды сәби бөбектер үйіне өткізіледі

Күйеу жігіт романтикалық видеоны көпшілікке көрсеткеннен кейін қалыңдық өз тойынан қашып кетуге мәжбүр болады. Әсем әуенмен әрленген ролик ғашықтардың жүрек тебірентер суреттерімен басталып, соңынан қалыңдықтың өзге еркекпен қонақ үйге кіріп бара жатқан сәті көрсетілген екен.

«Масқара болған қыз ызадан жылап жіберіп, салтанат залынан қашып кетті», - деп жазды жергілікті Zoabao порталы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1640417-dauletti-biznesmen-toy-ustinde-qalynh.html