RU

ОҚО-да белді шенеунік 2,1 млн теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы ұсталды деп хабарлайды Baq.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомствоның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Б.Төлегенді жүргізуші арқылы 2,1 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұстаған.

Тағы оқыңыздар: Қостанай облысында 17 жастағы қыз өзіне қол жұмсады

Басқарма басшысы параны ақпараттық қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттың ақысы ретінде алған. Ақша аларда бөлім басшысы Н.Р.Шалкеев арада жүрген.

«6 қазан күні Төлеген Шымкент қаласы ІІБ Уақытша ұстау абақтысына қамалды. Шалкеев өз кінәсін толық мойындауына байланысты оған қатысты процестік ұстау шарасы қолданылмады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деп жазылған Ұлттық бюро таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыздар: Пойыздың соқтығысуынан тірі қалған өзбекстандықтар Ресейден қуылуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1640579-oqo-da-beldi-sheneunik-21-mln-tenhge-para.html