RU

Ділназ Ахмадиева көпшілікке жаңа сүйіктісін көрсетті (фото)

Әнші Ділназ Ахмадиева Instagram парақшасына сүйіктісінің суретін салды. Суретте әнші Азильдо есімді жігітті құшақтап, бетінен сүйіп тұрды.

Лос -Анджелесте әншілер сайысына қатысып жүрген Ділназдың сүйіктісін көрген желі қолданушылары ол үшін қуанышты екендерін жеткізіп, екі жасқа ақ тілектерін жазды.

"Ділназ, сүйіктіңізді жолықтырғаныңызға шексіз қуаныштымын! Бақытты болыңыздар!", "Өте жарасымды жұп!", "Сізге әйел бақытын тілеймін! Бақытты болыңыздар!", "Жігітіңіз өте сүйкімді екен",- деп жазды желі қолданушылары.

Тағы оқыңыздар: Сәннен қалғысы келмеген арулар жаппай тілін бояуға кірісті

Еске салсақ, Ділназ Ахмадиева Лос-Анджелестегі Isina Music конкурсына қатысып жатыр. Әнші бұл сайыста ешқандай жеңімпаз болмайтынын және қатысушы өнерпаздардың тәжірбие алмасып, шеберлігін ұштайтынын айтқан болатын.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1640695-dilnaz-akhmedieva-kopshilikke-zhanha-suy.html