RU

Қазақстандық дзюдошы Өзбекстанда чемпион атанды

Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Ташкентте өткен дзюдодан Гран-при кезеңінде чемпион атанды деп хабарлайды NUR.KZ. 

Әлемдік Гран-придің екінші күні Жансай Смағұлов Ауғанстан спортшысы Ришад Ариармудты жеңіп жартылай финалға өтті. Өзбек спортшысы Мирзохид Фармановты ұтқан ол ақтық сында жергілікті дзюдошы Гиесжан Бобоевтан басым түсіп алтын медальға ие болды. Еске сала кетсек, Ташкентте дзюдодан Гран-при 6-8 қазан аралығында өтуде. Осы кезеңде Өзбекстан астанасына әлемнің 27 елінен 183 спортшы жиналды.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбелік шенеунік Сапарбаевтың тапсырмасында шаруасының жоқтығын айтты

Кәсіби сайыста еліміздің тағы екі спортшысы жеңімпаз атанды, Дәурен Ермеков  NFC нұсқасы бойынша Еуразия Чемпионы титулын жеңіп алды.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1640734-qazaqstandyq-dzyudoshy-ozbekstanda-che.html