RU

Қазнетті шулатқан "зың -зың" әнінің бейнебаяны шықты (видео)

Қазнетті шулатқан "Зың қыздар" әнінің авторлары арнайы бейнебаян түсірді. Ресми клип бір тәулік ішінде əлеуметтік желілерді шарлап кетті деп хабарлайды NUR.KZ. 

"Қазақпыз ғой" деп әндетіп жүрген атышулы рэпер Жан Ахмадиев пен биылғы жаздың хиті "Шудың бойында" әнінің орындаушысы Ахан Отыншиев аталған әнді орындап қана қоймай, ресми клип түсірді.

Тағы оқыңыздар: Төреғали Төреәлі алғаш рет әйелі мен балалары туралы ашық айтты

Ахмадиевтің айтуынша, ән шыққан соң оған қысқа ролик түсірушілер қаптап кеткен. Осылайша автор жеке өзіндік бейнебаяндары болғанын қалаған.

Желі қолданушылары аталған бейнебаянға қатысты түрлі сыни пікірлер айтып, клипті Шымкент қаласында түсірген жөн болар еді десті.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1640752-qaznetti-shulatqan-zynh-zynh-anininh-beyn.html