RU

Жоғалған ақша үшін ашуланған ер адам туған қызы мен немересін өлтірді

Оқиға 5-ші қазан күні Әндіжан қаласының «Дехканабад» махалласында болған деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ. 

5 қазан күні таңертең 59 жастағы ер адам ашу үстінде 28 жастағы қызы мен 9 жасар немересін пышақтап тастады. Кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған, алайда тірі қалды.

«Озодлик» дереккөзінің ақпараты бойынша, қайғылы оқиғаға ақша дауы себеп болған. Қызы мен немересін өлтірген ер адамның аты-жөні тергеу мүддесіне байланысты жария етілмей отыр.

«3 қазан күні отағасы жинаған ақшасының жоғалып кеткенін байқайды. Қызы ақшаны інісі ұрлағанын айтқан. Сол сәтте ер адам бауырын ұры дегені үшін қызына ашуланып, пышақпен тамағын кесіп жіберген. Бөлмеде болған 9 жасар немересін де өлтіріп тастаған. Тергеу тобы үйге келгенде, келіншек пен оның ұлы қан-жоса болып жерде өлі күйінде жатқан. Ер адам өз-өзіне пышақ сұққан, ол да қансырап жатты. Қазір ол ауруханада жатыр», - дейді құқық қорғау органдарының қызметкері.

Тағы оқыңыздар: Алматылық тамағы орылып, өлім аузында жатқанда өзін құтқарған үш жігітті іздестіруде

Әндіжан прокуратурасы Өзбекстан ҚК 98-бабы (Қасақана адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады. Аталған бапта бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 59 жастағы ер адамның көршісі «Озодлик» радиосына марқұм әйел мен баласы 5 қазанда Әндіжандағы «Ойшахоним» зиратына жерленгенін айтты.

«Жантүршігерлік оқиға бүкіл қаланы дүр сілкіндірді. Бүгін әйел мен оның ұлын жер қойнына тапсырдық. Оларды «Ойшахоним» зиратына бірге жерледік. Отағасы ауыр хәлде ауруханада жатыр. Біреулер оның өз-өзіне қол жұмсағанын айтып жүр», - деді ер адамның көршісі.

Оның айтуынша, марқұм әйел жұмыс істемеген және ұлымен бірге жұмыссыз әкесінің қолында тұрыпты.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1640826-zhoghalghan-aqsha-ushin-ashulanghan-er-adam-t.html