RU

Денсаулық сақтау министрлігіндегі ірі шенеунік парамен ұсталды

"Атырау бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" РМБ басшысы Игорь Шин пара алды деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлайды ATPress.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Осыған дейін Атырау бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты темір жол санэпидемқадағалау қызметі деп аталған.

Атырау көліктік прокуроры Берік Құлмағамбет бөлімше басшысы Игорь Шиннің қамауға алынғанын растады.

«Тергеу органы Шинді бақылауындағы ұйымдарда жұмыс істейтін тұлғалардан бірнеше рет ақшалай пара алды деген күдікпен қамауға алды.

Тағы оқыңыздар: Қостанай облысында қызымен ұрысып қалған абақты қарауылшысы өзін-өзі атып тастаған

Қылмыстық кодекстің "Пара алу", яғни 366-бабы 3-бөлімі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

29 қыркүйек күні сот оған екі айға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - деп хабарлады көліктік прокуратура.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1641011-densaulyq-saqtau-ministrligininh-iri.html