RU

Қырғызстанда вице-премьермен бірге кімдер қайтыс болды? (фото)

Жетінші қазан күні жантүршігерлік жол апатынан Қырғызстанның вице-премьерімен бірге тағы кімдер қайтыс болғаны анықталды. Бұл туралы NUR.KZ порталы kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бішкек - Чалдовар тас жолында Қырғызстанның вице премьер-министрі Темір Жұмақадыровтан бөлек оның көмекшісі Нұрлан Джамгырчиев пен жүргізушісі Нұрбек Мұқанов қаза болды. Нұрланның артында әйелі мен баласы қалған.

Тағы оқыңыздар: Тоқтар Төлешовтің ең қымбат көлігі арзанға сатылып кетті (фото)

Жол апаты шамамен сағат 7.30-да болып, вице-премьердің Toyota Land Cruiser көлігіне КамАЗ соқтығысқан. Жұмақадыров Таласқа сайлау учаскелерін тексеру үшін жол тартқан болатын. Оның артында әйелі мен үш баласы қалды.

Тағы оқыңыздар: Төреғали Төреәлі "Қайратпен жарысып, әйелін көрсетуде"деп сынағандарға жауап берді

Жұмақадыров Темір Құрманғазыұлы. 4.08.1979 - 7.10.2017.

Джамгырчиев Нұрлан Ерікұлы (көмекші). 11.02.1987 - 7.10.2017.

Мұқанов Нұрбек Толонбекұлы (жүргізуші). 14.07.1984 - 7.10.2017.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1641074-qyrghyzstanda-vice-premermen-birge-k.html