RU

Төреғали Төреәлі "Қайратпен жарысып, әйелін көрсетті" деп сынағандарға жауап берді

17 қазан күні Алматы төрінде 300 адамға арнап үйлену тойын өткізгелі жатқан Төреғали Төреәлі өзін "Қайрат Нұртаспен жарысып, әйелін көрсетіп жатыр" деп сынаған тыңдармандарына жауап берді. Әншінің айтуынша, той туралы олар мамыр айында жоспарлаған деп хабарлайды NUR.KZ.

"Бұл жәй ғана сәйкестік немесе сәттілік. Сәттілік болсын, себебі мен бәріне сәттілік тілеймін, бұл бәсеке емес. Ақылдасып, екеуміз бірге көрсетейік дегенде дәл бұлай болмаушы еді.

Ал енді Қайрат бір жерін көрсетіпті, мен де соны  көрсетейін деп бір нәрсе жасаған емеспін, жасамаймын да. Қайрат мынандай ән шығарыпты деп мен оған ұқсайтын ән шығарған емеспін. Қайрат мынандай киім киіпті деп мен ешқашан ондай киім кимеппін",- деді Төреғали.

Тағы оқыңыздар: Тойда мың бұрала билеген Алтынай Жорабаеваны тыңдармандары сынап тастады (видео)

Естеріңізге салсақ, 7 қазан күні Төреғали Төреәлі журналистер қауымын жинап, баспасөз конференциясын өткізген болатын. Кездесу барысында әнші алдағы үйлену тойы жайлы айтып, ерекше жасалған шақыру билетін көрсетті.

Әншінің продюсері Жан Мұқановтың айтуынша, мұндай той әлі еш жерде болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1641092-toreghali-toreali-qayrat-bir-zherin-kor.html