RU

Тоқтар Төлешовтің ең қымбат көлігі арзанға сатылып кетті (фото)

"Сыра патшасы" Тоқтар Төлешовтің ең қымбат көлігі екі есе арзан бағасына сатылып кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы "ТВК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Rolls Royce Phantom көлігіне бес адам ғана таласқан. Келісім 6 қазан күні жасалды.

Нәтижесінде "Сыра патшасының" тәркіленген көліктері арасындағы ең қымбаты жаңа қожайынына небәрі 19 580 150 теңгеге түсті.

Тағы оқыңыздар: Атамбаев көлік апатынан көз жұмған вице-премьердің өліміне күдікпен қарады

Айта кетсек, 2005 жылғы Rolls Royce Phantom көлігін құнын түсіру арқылы үшінші ретінде ғана сату мүмкін болған. Онымен бірге 2011 жылғы Chevrolet Suburban да сатылып кетті.

Бастапқы бағасы 13 300 000 теңгелік көлікке тек екі адам қызығушылық танытқан. Сауда соңында аталмыш көлік 7 186 789,16 теңгеге сатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1641094-toqtar-toleshovtinh-enh-qymbat-koligi-ar.html