RU

Қазақстан билігіне қатысты сын айтқан Атамбаевқа жерлестерінің бір бөлігі қарсы шықты (видео)

7 қазандағы Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың қазақ елінің басшысы мен саясатына қатысты сөздеріне байланысты жерлестері бас көтерді деп хабарлайды NUR.KZ  порталының тілшісі.

Қырғыз елінде өтетін президент сайлауы алдында үгіт-насихат жүргізген «Бутун Кыргызтан» партия ұйымының жетекшісі Адахан Мадумаров алаңға жиналған мыңдаған тұрғынға Атамбаевты жамандап берді.

«Атамбаев кеше айтты ғой, біз көптеген мемлекетке қарағанда алға кетіп қалдық деп. Қайсы біздің алдыға кетіп қалғанымыз? Оның айтқынын білесіздер. Кешегі сөзі - Қазақстан мен Қырғызстанның арасындағы от тасаушылығы. Алдына жалған мұғалім, жалған дәрігерлерді жинап алып жалған сөйледі.

Алты жылдың ішінде балалардың жәрдемақысын, қариялардың зейнетақысын жоқ қылды. Қашан жетеміз, қашан несібеміз болады?», - деді қырғыз оппозиционері митингке қатысқан мыңдаған тұрғынға.

Тағы оқыңыздар: Қырғызстанда вице-премьермен бірге кімдер қайтыс болды? (фото)

Сонда жиылған қырғыздар саясаткердің сөзін қолдап, қол шапалақтап қошемет те көрсетіп жатты.

Естеріңізге сала кетсек, 7 қазан күні Алмазбек Атамбаев Назарбаевты Қырғызстанда өтіп жатқан президент сайлауына араласты деп айыптаған еді.

Қазақстан билігіне қатысты да өткір сын айтқаны үшін еліміздің Сыртқы істер министрлігі қырғыз басшысына наразылық білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1641136-qazaqstan-biligine-qatysty-syn-aytqa.html