RU

Қостанайлық келіншек арақ ішіп алып, кәрі анасын соққыға жыққан

Қостанай тұрғыны егде жастағы анасын соққыға жыққаны үшін сот алдына келді. Бұл туралы alau.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Затобольск ауылында тұратын 33 жастағы әйкел ащы судан ұрттауды әдетке айналдырған. Екі баланың анасы бүгінгі күні жұмыссыз екені де белгілі болды. Балаларына мүлде қарамайтын келіншек, тіпті туған анасына қол көтеретін көрінеді.

Тағы оқыңыздар: Төреғали Төреәлі "Қайратпен жарысып, әйелін көрсетті" деп сынағандарға жауап берді

"17 қыркүйек күні ол өз үйінде туған анасын ұрып-соққан. Сараптама қорытындысына сәйкес, зардап шегушінің беті қанап, белі мен саусақтарына зақым келген", - делінген сот хабарламасында.

Қызы сот залында егде жастағы анасына қол көтергенін мойындамай қойды. Анасы татуласып, кешірім беруге ниет білдіргенімен, әйел онымен татуласудан бас тартқан. Нәтижесінде сот оны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 34 мың теңге айыппұл салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1641171-qostanaylyq-kelinshek-araq-iship-alyp-k.html