RU

Қайрат Нұртас өзіне әдейі қастандық жасайтын дұшпаны бар екенін айтты (видео)

Қайрат Нұртас пен оның анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова желіде әнші туралы түрлі қауесет шығарып, сыртынан ғайбаттап жүрген жандарды арнайы біреулер жалдап қойғанын айтты. Осыған байланысты Қайраттың өзі оқырмандарына видео-үндеу жолдаған деп хабарлайды NUR.KZ. 

"Құрметті ағайын, қазір Өскемен қаласындамын. Instagram желісінде көңілге тиетін көп сөздер айтылып жатыр. Бірақ қарасаңыздар мені жамандаған адамдардың барлығы ешкім оқымайтын, ешқандай суреті жоқ аккаунттар. Тіпті, бір адам оларға жазылмаған парақшалар көбейіп кеткен. Он-жиырма адамға біреулер  ақша беріп, әдейі мені жамандатқызып отыр.

Сондықтан сондай парақшаларға сенбеңіздер, ағайындар! Жақсылық болсын!", - деді әнші.

Тағы оқыңыздар: Төреғали Төреәлі "Қайратпен жарысып, әйелін көрсетті" деп сынағандарға жауап берді

Ал Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова мін іздеушілердің көп екенін, бірақ түбінде шындық жеңетініне сенетінін жеткізді.

"Мейлі, кейбіреулер қаралай берсін. Мін іздеген адам кір таба береді, бірақ түбі шындық жеңетініне сенімдімін! "Күндестің күні қоңырау, соңымнан еріп әлі жүр" деген сөз өте орынды айтылған екен. Бар тілегім - Алла абырой берсін!",- деді ол Instagram парақшасында.

Еске салсақ, Хабар арнасындағы "Жекпе -жек" бағдарламасында Қайрат пен Төреғали бір - бірінің әндерін жанды дауыста орындап, жарысқан болатын. Осыдан кейін тыңдармандар екіге бөлініп, желіде түрлі сыни пікірлер жазған.  Біреулер жеңіске "Қайрат Нұртас лайық" десе, енді біреулер "Жеңіс Төреғалидікі" дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1641198-qayrat-nurtas-ozine-adeyi-qastandyq-zh.html