RU

Өсекті көп айтатын адамдардың мансабы жоғарылайды

Оттава университетінің зерттеушілері өсек айтудың пайдалы екенін анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеушілер 17-30 жастағы 290 студенттен сауалнама жүргізіп, өсек айтудың маңыздылығына көз жеткізген. Өсекті көп айтатын адамдар жеке өмірінде жетістіктерге жетіп, мансабы жоғарылайтыны анықталды.

"Өсек - қарым-қатынаста маңызды болып саналатын әлеуметтік дағды. Бұл жаман әдет емес", - дейді зерттеу жұмысының басшысы Адам Дэвис.

Тағы оқыңыздар: Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

Сауланама барысында әйелдер таныстарының киімі мен келбетін өсектесе, ер азаматтар байлығы мен спорттық жетістіктерін өсектейтіні белгілі болды. Одан бөлек зерттеушілер әйелдер ерлерге қарағанда көбірек өсек айтады деген стереотиптің рас екеніне көз жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1641249-kanadalyq-ghalymdar-osek-aytudynh-payd.html