RU

Ернар Айдар "Күнім, сен сөнбеші" әнін ұрламағанын айтып, ағынан жарылды

Хит болған "Күнім, сен сөнбеші" әнін әзірбайжан ағайындардан ұрламағанын айтқан Ернар Айдар әзірбайжандық Ельнар Халиловтың жеке рұқсатын алғанын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Қайырлы күн, баршаңызға! Сіздермен бұлай кездеспегелі көп болды. Бұл видеожазбаны "Күнім, сен сөнбеші" әніне қатысты. Сол ән жайлы көптеген жалған ақпараттар жүріп жатыр. Барлықтарыңыз емес, араларыңызда 1-2 адам іштарлық танытып жатыр. Менің айтарым, ондайларға сенбеңіздер.

«Күнім, сен сөнбеші» әнін өзінің авторы әрі орындаушысы, әзірбайжан әншісі Елнар Халилов маған өз рұқсатын берген. Әнді қазақ тілінде орындап шыққаннан кейін қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін айтып, рақметін жеткізді. Әнін құрметтеп жатқаны үшін қазақ тыңдармандарына алғыс білдірді.

Сол себепті сондай керемет нәрселер болып жатқан кезде қырылмайық", - деді ол видео-жолдауында.

Еске салсақ, бұған дейін отандық  арналардың бірі Ернар Айдар "Күнім, сен сөнбеші" әнін түрік ағайындардан алған деп хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1641262-ernar-aydar-kunim-sen-sonbeshi-anin-ur.html