RU

Шымкенттік шенеуніктер жеке өміріне көңіл бөлу үшін жұмыстан ерте шығатын болды

Шымкент әкімдігінің қызметкерлері енді жұмыстан кешкі жетіде емес алтыда шыға алады деп хабарлайды NUR.KZ.

Жұмыс күні енді сағат 8.30-да басталып, түскі ас екі сағат емес, бір жарым сағатқа созылады - 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мұндай жұмыс кестесіне өту әкімдік қызметкерлерінің отбасына көбірек уақыт бөле алуы үшін жасалып отыр.

Бұл мәселені Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов талай рет көтерген болатын.

Тағы оқыңыздар: Балқашта бензинмен бірге нан бағасы да қымбаттап кетті

Алайда бұл жаңа кесте жедел қызмет жұмысына қолданылмайды.

"Жаңа режимге өту - жұмыс уақытын тиімді қолданудағы бағдарламада жасалған алғашқы қадам. Бұл сатыда біздің міндет олардың жұмыс уақытындағы әр минутын ұтымды пайдалануға үйрету. Нәтижесінде әкімдіктің барлық қызметінде жұмыс жақсара түсетіні маңызды", - дейді қала әкімі аппаратаның басшысы Рашид Аюпов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1641319-shymkenttik-sheneunikter-zheke-omirine.html