RU

18 жастағы Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен алматылық такси жүргізушісі ұсталды

Алматы полициясы 18 жастағы Назерке Әріптің өліміне қатысы бар деген күдіктіні ұстады. Ол - 33 жастағы такси жүргізушісі болып шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ер адам 8 қазанда ұсталды. Күдікті - Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны. Ол уақытша қамау изоляторына қамалған.

Айыпталушы азамат өз кінәсін мойындап отыр.

Тағы оқыңыздар: Балқашта бензинмен бірге нан бағасы да қымбаттап кетті

«Күдікті ер адамның жеке такси жүргізушісі екені анықталды. Қылмыс күні ол зардап шегушіні үйіне апара жатқанда зорлап, кейіннен буындырып өлтірген. 

Қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті қыздың денесін зираттың шетіне апарып лақтырып тастапты", - дейді қалалық қылмыстық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.

Күдіктінің кім екені дереу анықталғанымен, ол жасырынып үлгергені белгілі болды. 

Тергеу кісі өлтіру фактісі бойынша жүріп жатыр.

Еске салсақ, 18 жастағы бойжеткен 10 шілде күні із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Мектепті жаңа бітірген Назерке медициналық білім алуды армандаған.

6 қыркүйек күні бойжеткеннің денесі Алматыдағы Кеңсай шатқалынан табылды. Назеркенің туыстары оның қайтыс болғанын растап, жерлеу рәсімін өткізгенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1641412-18-zhastaghy-nazerke-aripti-oltirdi-degen.html