RU

Айдана Меденовамен кездескісі келген табынушысы "жол апатына" ұшырады (видео)

Айдана Меденова тұрмыс құрып, екі баланың анасы атанса да, әншіге ғашық жігіттердің қарасы көп-ақ. Тіпті, табынушылары тарапынан жасалған ессіз ерліктерде есеп жоқ. Мәселен, Меденоваға сезімін білдіргісі келген бейтаныс жігіт жол апатына түсті деп хабарлайды НТК арнасының "Ревюныюс" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иә, сәтін салғанда бұл оқиға шынайы өмірде емес. Айдананың кезекті клипінің сюжеті дәл осындай. Бұл Меденованың екінші мәрте ана атанғаннан кейінгі алғашқы бейнебаяны. Жаңа видеоның желісінде бикешке ессіз ғашық табынушысы, әншінің назарын аудару мақсатында түрлі қадамдарға барады. Ал, трек «Айтшы тіке» деп аталады.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртас өзіне әдейі қастандық жасайтын дұшпаны бар екенін айтты (видео)

" "Тікке айтшы" деген сияқты, нақты тікке айтшы. Бір ай бойы дайындық болды. Әр түрлі локацияда, әр түрлі образдарда, үш  басты кейіпкеріміз бар",- дейді Айдана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1641420-aydana-medenovamen-kezdeskisi-kelge.html