RU

Әли Оқапов неге атақты анасымен бірге тұрмайтынын айтты

Әли Оқапов анасынан еншісін алып, басқа пәтерге көшкен сәтте, оқырманмандары әнші мен халық әртісінің арасындағы қарым-қатынасқа күмәнмен қараған көрінеді. Тұңғышына бөлек баспана беріп, жеке шығарған Роза Рымбаеваның құпиясын бұл жолы ұлы ашты деп хабарлайды НТК арнасының "Ревюныюс" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бастапқыда бөлек баспанаға көшкенде, көпшілік жұлдызды жанұяның бұл  қадамына түрлі жорамалдар жасаған. Тіпті, жұрт назарында жүретін Оқаповты, анасының қаһарына ұшырады деп топшылағандар да табылған көрінеді. Алайда, Әли ел арасында желдей ескен осы қауесеттің ақиқатын өз айтты.

"Ешқашан ондай сөзді айтқан жоқпын. Анам мен есейдім, біз бір үйге сыйыспайтын шығармыз, тағы бірдеңе-бірдеңе  дегендей",- дейді Әли.

Әли жеке пәтерге көшуіне анасы бастамашы болғанын айтады. Әнші үйдің тұңғышы болған соң, бөлек тұру есейгендіктің бір белгісі екенін жасырмады.

"Басқа пәтерге көшеміз деген шешімді қабылдаған кезде маған анам айтқан, енді бір пәтерден гөрі екі пәтер алайық. Сен бөлек тұрасың, қасыңда біз тұрамыз дегендей. Ол маған ұсыныс жасады, мен қарсы болмадым. Мүмкін сол есейгеннің бір белгісі шығар",- деді ол.

Тағы оқыңыздар: Айдана Меденовамен кездескісі келген табынушысы "жол апатына" ұшырады (видео)

Бүгінде Роза Рымбаева  тұңғышымен көрші тұрса да,  қара шаңырақта жиі жүздесіп, шәй ішіп шүйіркелесудің сәті түсе бермейтін көрінеді.

"Мысалы мен үйге қайтқанда олар ұйықтап қалады. Олар жұмысқа кеткенде мен әзірше ұйқыдан тұрмаған болуым мүмкін. Біздің кестеміз кішкене сәйкес келмейді. Біз Алматыда емес, басқа қалаларда жиі көрісеміз. Кеше ғана Астанада көрістік мысалға. Содан кейін мен Алматыға қайтсам, анам Атырауға кетті. Жалпы, әртістердің өмірі осы",- деді Әли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1641522-roza-rymbaevanynh-uly-anasynan-bolek-u.html