RU

Шымкентте алтыншы баласын дүниеге әкелген келіншек жансақтау бөлімінде көз жұмды

Санитарлық авиацияның көмегіне зәру болған шымкенттік келіншек қайтыс болды. Бір айға жуық ес-түзсіз жатқан азаматша сегізінші қазан күні көз жұмған. Бұл туралы облыстық клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Алексей Цай мәлімдеді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, босанған сәттен бастап науқас әйел жасанды аппараттың көмегімен ғана тыныс алып жатқан.

"Гепатит D " және Гепатит В" диагнозы қойылған науқастың бауыры асқынған. Бірнеше жылдан бері гепатиті бар келіншек бала туудың қауіпті екенін біле тұра алтыншы баласын дүниеге әкелген екен. Бірақ босанған соң ауруы асқынып кеткен.

Дегенмен, дәрігерлер науқас әйелдің өмірін аман сақтап қалу үшін соңына дейін күресті. Жансақтау бөлімінде жатқан кезінде әйел көп қан жоғалтқан. Салдарынан мамандар оның жатырын алып тастауға мәжбүр болыпты. Бұған қоса азаматшаның басында ісік болған.

Тағы оқыңыздар: Астанада "ҚазМұнайГаз" компаниясының жұмысшысы аяқ асты жоғалып кетті (фото)

"Қайтыс болған азаматша біздің ауруханаға екінші қазан күні ауыр жағдайда түсті. Біз бірнеше рет республикадағы медициналық орталықтағы мамандардан кеңес ала отырып, ем көрсеттік. Қос гепатит ауруына шалдыққандықтан, бауыр ауруы асқынып кеткен. Сегізінші қазан күні сағат оннан аса азаматша көз жұмды", - дейді жансақтау бөлімінің меңгерушісі Алекцей Цай.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан Шымкентте ұшқан Ан-28 санавиация ұшағы Алматы әуежайынан 28 шақырым қашықтықта құлап, бортта болған бес адам қаза тапқан еді. Кейін ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың есімі де белгілі болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, санавиация Шымкенттегі босанған ананы құтқару үшін жолға шыққан.

Қайғылы жағдайдан кейін де науқасқа көмектесу үшін Астана қаласынан дәрігерлер Шымкентке екі рет келген. Бірақ, алтыншы баласын босанған келіншектің өмірін аман сақтап қалу мүмкін болмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1641563-shymkentte-altynshy-balasyn-duniege-ak.html