Выйти
RU

Елеусіновпен бәсекелесуден бас тартқан жас боксшы кәсіби боксқа ауысып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық дарынды, болашағынан үлкен үміт күттіретін боксшы Садриддин Ахмедов кәсіпқой боксқа ауысты деп хабарлайды ProSports сайты.

19 жасар былғары қолғап шебері қазіргі таңда америкалық The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясымен келіссөз жүргізген. Келісімшарттың мерзімі төрт жылға жоспарланбақ. Тек қос тарап қол қоюы қажет.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте алтыншы баласын дүниеге әкелген келіншек жансақтау бөлімінде көз жұмды

Естеріңізге сала кетейік, Садриддин Ахмедов 2016 жылы жастар арасында өткен әлем біріншілігінде үш қарсыласын нокаутпен ұтып, ел қоржынына жалғыз алтын жүлдені салған болатын.

Садриддин Ахмедов әуесқой бокста шаршы алаңда 251 жекпе-жек өткізіп, оның 241-інде жеңіске жеткен.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елеусіновпен бәсекелесуден бас тартқан жас боксшы кәсіби боксқа ауысып кетті