RU

"Қызқұмар" Айқын үшінші рет үйленуі мүмкін

Ресейлік нумеролог Клара Күзденбаева Айқын Төлепбергеннің үш рет үйленуі мүмкін екенін айтты. 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына келген нумеролог әнші туралы айтты.

"Айқын жомарт, өзіне -өзі сенімді, отырыстардың гүлі бола білетін, сексуалды энергиясы көп жігіт. Ең бастысы оған өтірік айтуға болмайды. Айқынның екінші серігі шыдамды болуы тиіс, үш рет некеге отыруы мүмкін. Сүйіктілерінің біреуі өзге ұлттан болып қалады.  Оның  байланыстарының бәрі көпшіліктен жасырын болғанымен, бәрібір ол жайлы біліп қояды. Себебі ол жасыруды, алдауды білмейді. Оның өмірлік серігіне қиындау, өйткені оның жеке өмірінде қыздар көп болады. Айқынның жеке өмірінде өзгерістер болсын, сыртқы келбетінде өзгерістер болсын оның бәрі оған оң әсер етіп, шығармашылық өрлеуге апарады",-деді нумеролог.

Тағы оқыңыздар: Елді сұлулығымен тәнті еткен Қайраттың жары алғаш рет сұхбат берді (фото)

Кәсіби маман өзі туралы ақпарат таратқан журналистерге Айқынның ренжімеуін сұрады.

"Жұрттан жасырып қарым -қатынас құру ол үшін мүмкін емес. Ол үнемі елдің бақылауында болып, бәрі ол жайлы біліп қояды",- деді Клара.

Еске салсақ, біраз уақыт бұрын Жұлдыз Өмірғалидың қыз ұзату тойының видеосы желіде пайда болған. Онда күйеу жігіт ретінде Айқын Төлепберген жүрді. Кейіннен Жұлдыздың Айқынға ұл сыйлағаны туралы ақпарат та тараған болатын.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1641677-qyzqumar-ayqyn-ushinshi-ret-uylenui-mum.html