Выйти
RU

Смартфонда күні бойы ойын ойнаған бойжеткеннің көзі көрмей қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайдың Гуандун провинциясының Дунгуань қаласының 21 жастағы тұрғыны смартфонда ұзақ уақыт ойнап, оң жақ көзі көрмей қалды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бойжеткен күні бойы смартфонда ойын ойнаған. Осыдан кейін ол ауруханаға түседі. Оған оң жақ көзі торының бітелуі деген диагноз қойылды. Дәрігерлер оның себебі, ұзақ уақыт смартфонда ойын ойнап, көзге салмақ түскеннен деген қорытынды шығарған.

«Жұмысқа бару керек болса, мен таңғы 6-да тұрамын, таңғы асымды ішемін де кешкі 4-ке дейін ойын ойнаймын. Содан кейін тағы жүрек жалғап алып, тынығамын да түнгі 1-ге дейін ойнаймын», - дейді бойжеткен.

Тағы оқыңыздар: Елеусіновпен бәсекелесуден бас тартқан жас боксшы кәсіби боксқа ауысып кетті

Сәуір айында Циндао қаласының 14 жасар тұрғыны күнделікті смартфонды қолданғандықтан мойын жарақатын алған. Дәрігерлердің айтуынша, енді жасөспірім арқа омыртқасының деформациялануына байланысты мойнын түзу ұстай алмайтын болған.

Дәл осындай шағыммен мұның алдында дәрігерлерге 10 жасар ұл баланың да ата-анасы келген екен.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Смартфонда күні бойы ойын ойнаған бойжеткеннің көзі көрмей қалды