RU

Тағы да тастанды бала: Астанада қатыгез ана туған сәбиін көшеге тастап кеткен (фото)

Астана полициясы туған баласын көшеге тастап кеткен ананы іздестіріп жатыр. Дүниеге келгеніне үш-төрт ай болған нәресте жылу құбырынан табылған деп хабарлайды қалалық ІІД-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

ІІД-нің мәліметінше, ақ түсті көрпеге оралған сәби 12 қыркүйекте Есенберлин көшесінен табылған.

Туған баласын тастап кеткен ата-ананың жеке тұлғасын анықтау үшін Астана полициясы Қылмыстық кодекстің 119-бабы «Қауіпті жағдайда қалдыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Тәртіп сақшылары сонымен қатар осы оқиғаның куәгері болған адамдарды да іздестіріп жатыр.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандағы зейнетақы сынаған Атамбаевқа министр жауап берді

"Сәби балалар үйіне орналастырылды", - делінген полиция хабарламасында.

Егер сіз аталмыш жайтқа қатысты қандай да бір мәлімет білетін болсаңыз Астана қалалық ІІД мына нөмірлерге хабарласуыңызды сұрайды: 8 (7172) 71-66-11, 71-66-10, 71-66-49, 71-66-58, 8-747-580-71-78 немесе 102.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1641803-taghy-da-tastandy-bala-astana-policiyas.html