RU

Курстастарымен ерегескен студент олардың бірін пышақтап өлтірді

Ташкент заң колледжінде оқитын студент курстастарымен сөзге келіп қалып, екеуін пышақтап тастаған. Оның бірі сол жерде өліп кеткен, ауыр жараланған екіншісі ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды centralasian.org.

Оқиға 6 қазанда таңертең заң колледжінің асханасында болған. Милиция шабуылдаған студентті іздестіріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

Қайғылы оқиға куәгерлерінің бірінің айтуынша, үшінші курста оқитын студенттер ерегісіп қалған, кейін студенттің бірі пышақпен курстасының бөксе тұсынан ұрған, одан соң екінші курстасына пышақ сілтеген.

Тағы оқыңыздар: АҚШ президентінің іш киімдері 5 мың долларға сатылып кетті

Колледж мұғалімінің сөзіне қарағанда, олар бұрыннан бері өштесіп жүрген.

"Қайтыс болған оқушының әкесі Ресейде жұмыс істейді. Ол момын бала еді. Жараланған баланың әке-шешесі де қарапайым адамдар. Қазір жанжал себебін анықтап жатырмыз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1642246-soz-kelip-kurstastaryn-pyshaqtap-tast.html