RU

Батыс Қазақстанда бензин 200 теңгеден сатылып жатыр

Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауданындағы Сайқын ауылында АИ-92 жанармайы 200 теңгеден сатылып жатыр деп хабарлайды «Мой город» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ауыл тұрғындары Оралда литріне 159 теңгеге сатылып жатқан жанармайдың бағасы ауылға келгенде неге қатты шарықтап кеткенін түсінбей аң-таң болды. Қаламен салыстырғанда АИ-92 жанармай маркасы 41 теңгеге қымбаттаған.

Тағы оқыңыздар: Қытай шекарасында ілінген жыртық туды көріп намыстанған жігіт оны алып тастады (видео)

Ал Сайқын ауылының әкімі Мейрамбек Аққалиев болса, ауылда бензин тапшылығының жоқ екенін айтып, жанармай құнының өскенін де растап отыр.

Ал мұның себебін ол тек қана жанармай жеткізушілерден сұрау керек екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1642261-batys-qazaqstanda-zhanarmay-baghasy-200-te.html